Ақшаны төл валютамызда жинап, сақтап отырған қазақстандықтарға 10 пайыздық қосымша сыйақы беріледі. Өтемақы бюджеттен төленбек.
Теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасына екінші деңгейлі банктер мен "Отбасы банкінде" кешегі күннің соңына дейін ашылған депозиттер қатысады. Сыйақы сомасы 20 млн теңгеден аспайтын салымдарға бір рет есептелмек әрі оған табыс салығы салынбайды. Міндетті талап депозиттегі ақша 1 жыл, яғни 2023-тің 24 ақпанына дейін сақталуы тиіс.
Айта кетейік, ағымдағы және карточкалық шоттарға әрі шартты депозиттерге бұл сыйақы берілмейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу