Теңгелік депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды

ҚДКБҚ 2023 жылдың наурыз айына шекті сыйақы мөлшерлемелерін бекітті.  

Теңгелік депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды Фото: baribar.kz

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры, теңгелік депозиттер бойынша 2023 жылдың наурызына қарасты шекті мөлшерлемелерді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Демек, көрсеткіштер ақпандағы мәндік деңгейде сақталады. 

"Екінші деңгейлі банктер өздерінің депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің пайызы жайында жеке шешім қабылдайды", – деп хабарлады ҚДКБҚ.

Депозиттердің түрі мен мерзіміне сәйкес шекті мөлшерлемелер 10,7%-бен 18,3% аралығында.

Мәселен, мерзімсіз депозиттер 10,7%, мерзімді депозиттер 10,7%-бен 17,3% аралығында, ал жинақ депозиттер 13,5%-бен 18,3% деңгейінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу