Теңгелік депозиттердің кейбір түрінің мөлшерлемесі төмендеді

617

Ең жоғары сыйақысы бар салымдардың ставкалары өзгеріссіз қалды.

Теңгелік депозиттердің кейбір түрінің мөлшерлемесі төмендеді

Теңгелік депозиттердің кейбірінің мөлшерлемесі төмендеді. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Дерекке сүйенсек, салымшылар арасында танымал емес жинақтардың ғана ставкалары өзгерді. Мысалы, толықтыруға болатын 24 айлық жинақтың пайызы 9,1 пайызды құрайды. Ал толтыруға болмайтын салымның кірісі 9,4 пайыз болды. Ал ең жоғары сыйақысы бар салымдардың ставкалары өзгеріссіз қалды. Өйткені Ұлттық банк базалық мөлшерлемені әзірге өзгерткен жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу