Теңгемен қатар тағы қандай елдердің ұлттық валюталары құнсыздануда?

5558

Бұған Ресей мен Украина шиеленісі себеп. 

Теңгемен қатар тағы қандай елдердің ұлттық валюталары құнсыздануда?

Украинада шиеленіс басталғаннан бері ЕАЭО елдерінің валюталары арасында рубльдің АҚШ долларына шаққандағы бағамынан кейін (30%-дан астам) теңгенің баяу, бірақ салыстырмалы құнсыздануы байқалды (13%), деп жазды inbusiness.kz. 

Беларусь рублі де АҚШ валютасына қатысты 16%-ға құнсызданды.  

Экономист Ғалымжан Айтқазиннің айтуынша осы күндері армян драмы мен қырғыз сомының бағамы тұрақты болды. Нәтижесінде олар рубльге қатысты шамамен 30%-ға нығайды.

“Бірақ 2 наурыздағы сауда деректері көрсеткендей, АҚШ доллары-қырғыз сомы жұбының деңгейлері рубль мен теңгенің құлдырауының соққысына төтеп бере алмады. Сонымен бір күн ішінде USDKGS жұбы бірден 13%-ға құнсызданып, бір АҚШ доллары үшін 96 сом төрсеткішіне жетті”, – деп саралады экономист. 

Еске салайық, Қазақстан Қырғызстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады, ал Ресейде жұмыс істейтін және тиісінше рубльмен табыс табатын қырғыз мигранттарының ақша аударымдары бүкіл Қырғыз Республикасы үшін негізгі табыс көздерінің бірі.  

“Қазіргі жағдайда сомның бағамын ұстап тұру уақыт мәселесі болғаны анық. Ендігі кезек армян драмасында болса керек...”, – деп жазды сарапшы Телеграмдағы арнасында. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу