Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Осы жылғы қыркүйекте теңгенің долларға қатысты бағамы 1 долларға шаққанда 476,53 теңгеге дейін 0,9%-ға әлсіреді. АҚШ Федералды резервтік жүйесінің ақша-кредит саясатын белсенді түрде күшейтуі, доллар бағамының жаһандық нығаюы, геосаяси қақтығыстардың шиеленісуі, дамушы нарықтардың валюталарына секілді теңгенің де айырбастау бағамына қысым көрсетуді жалғастырып келеді. Еркін өзгеретін бағам саясаты валюта нарығының жұмыс істеу тиімділігін арттыруға және халықаралық резервтерді сақтауға ықпал етеді", – деді Ұлттық банк төрағасы.