Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңертеңгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 15 мамырдағы доллардың орташа бағамы 327,51 теңге болды. 14 мамырдағы таңертеңгі сессияның қорытындысымен салыстырғанда (327,70/$1) ұлттық валюта бағамы 0,34 теңгеге нығайды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу