Теңгенің долларға қатысты әлсіреуі азық-түлік бағасына қалай әсер етеді?

226

Маусым айынан бастап Ұлттық қордан трансфер көлемі азайғандықтан, теңгенің 1,5-2%-ға әлсіреуі күтіледі. 

Теңгенің долларға қатысты әлсіреуі азық-түлік бағасына қалай әсер етеді? Фото: Pixabay.com

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовтың айтуынша бұл көрсеткіш инфляцияға аса әсер етпеуі тиіс, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Биыл теңге біраз, 1,5-2% мөлшерінде әлсірейді, оның қатты әсері болмайды. Теңге өзінің о бастағы, тұрақты деңгейіне оралады. Доллардың ішкі инфляцияға әсерін қарар болсақ, бәрі біз қаншалықты долларды сауда-саттық жүргізетінімізге байланысты. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі деректеріне сенсек, біз өз-өзімізді толыққанды дерлік азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырмыз, яғни долларға тәуелділік жоқ", - деді Сүлейменов.

Екіншіден, оның айтуынша, қалған азықты біз көбіне Ресейден аламыз. Мәскеумен сауда-саттықта біз 88% ұлттық валютаны (теңге не рубль) қолданамыз, сондықтан бізге теңге-доллар курсынан, теңге-рубль курсы маңыздырақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу