Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов Сенат кулуарында теңгенің ықтимал девальвациясына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Вице-министр теңге бағамына инфляция мен экономикадағы пайыздық мөлшерлемелер әсер ететінін еске салды.
"Негізгі факторлар тұрғысынан қарайтын болсақ, девальвацияға негіз жоқ. Қазіргі кездегі бағамның деңгейі негізделген деп есептейміз. Бірақ, бір апта немесе бір айдан кейін мұнай бағасы 10 доллардан артық немесе аз болып өзгеруі мүмкін. Сәйкесінше сол жағдайда валюта бағамы да өзгереді. Мұнай бағасы мен валюта бағамы арасында нақты байланыс бар", – деді Ұлттық экономика вице-министрі.
Айтуынша, теңге бағамына қарсы Ресейге қарсы санкциялардың да ықпалы бар.