Теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,4%-ға әлсіреді

832

2020 жылғы 21-28 тамыз аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу.

Теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,4%-ға әлсіреді

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 28 тамызда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,4%-ға (418,62-ден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 420,11 теңге деңгейінде қалыптасты, деп хабарлады ҰБ баспасөз қызметі.    

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 21-28 тамыз аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиға орын алды. Сауда өкілі, АҚШ қаржы министрі және Қытай вице-премьері арасындағы телефон келіссөздерінің қорытындысы бойынша тараптар 1-кезең шеңберінде мәмілені орындаудағы прогресті атап өтті. АҚШ ФРЖ Төрағасы монетарлық саясаттағы жаңа тәсіл туралы жариялады, онда инфляция мен жұмыссыздық бойынша мақсаттарды жеңілдетті – ОБ инфляцияның мерзімді 2%-дан асып кетуіне жол береді, бұл сонымен қатар негізгі мөлшерлеме ұзақ уақыт бойы төмен деңгейде болуы мүмкін екенін көрсетеді. АҚШ-та COVID-19 бар науқастарға қан плазмасын құюға ресми түрде рұқсат етілді, Moderna фармацевтік компаниясы ЕО-ға эксперименттік вакцинаның 80 млн дозасын жеткізуді қамтамасыз етеді. Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ денсаулығына байланысты отставкаға кетуге шешім қабылдады.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

Бразилия реалы ФРЖ Төрағасының сөз сөйлеуінен кейін АҚШ долларының жаһандық әлсіреуі және елдің экономика министрінің қызметінен кетуіне қатысты алаңдаушылықтың төмендеуі аясында 4,1%-ға (5,62-ден 5,39-ға дейін) нығайды;
Оңтүстік Африка ранды 3,3%-ға (17,16-дан 16,6-ға дейін) нығайды. ОАР Covid-19 вакцинасын өндіруге қатысу туралы шартқа қол қоюы мүмкін, бұл құрлықта иммундауға қол жетімділікті арттырады;
үнді рупиясы қор нарығына капиталдың әкелінуі және ОБ тарапынан валюталық өктемдіктің төмендеуі аясында 1,9%-ға (74,85-тен 73,4-ға) нығайды (өткен аптада резервтердің өсуі баяулады);
Ресей рублі мұнайға баға белгілеудің өсуі аясында 1,1%-ға (74,82-ден
74,03-ке дейін) нығайды;
Индонезия рупиясы 1%-ға (14 773-тен 14 632-ге дейін) нығайды. ОБ ірі экспорттаушылардың валюталық түсімін ұлттық валютаға міндетті түрде айырбастауды талап ететін қаулыны енгізуді дайындауда;
Мексика песосы АҚШ долларының жаһандық әлсіреуі аясында 1%-ға (21,97-ден 21,76-ға дейін) нығайды;
түрік лирасы бір апта ішінде іс жүзінде өзгерген жоқ, 7,32-ден 7,33-ке дейін 0,1%-ға әлсіреді.

АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу