Теңгенің ресей рубліне шаққандағы бағамы құлдырады

1404

Теңгенің ресей рубліне шаққандағы бағамы құлдырады

Теңге тағы да әлсіреді. Бұл жолы ұлттық валютамыздың Ресей рубліне шаққандағы бағамы күрт құлдырады. Яғни қазір ақша айырбастау орындарында бір рубль 5 теңге 50 тиыннан сатылып жатыр, деп хабарлайды КТК.

Осылайша көрші елдің ақшасы жыл соңына қарай жылдам күшейіп келеді. Мұны сарапшылар бірнеше жағдаймен байланыстыруда. Біріншіден, Ресей валютасы нарыққа бейімделген. Яғни салық төлемдерін жүргізу үшін жыл соңында рубльге деген сұраныс артып, соның есебінен қымбаттауы мүмкін. Екіншіден, рубль бағамына доллардан бөлек еуро да әсер етеді екен. Еуроодақ валютасының соңғы уақытта біршама әлсірегенін ескерсек, орыс ақшасының күшеюіне негіз бар дейді қаржыгерлер. Алайда бұл біз үшін қуанатын жағдай емес. Өйткені рубльдің қымбаттауы еліміздің экономикасына айтарлықтай зиян келтіріп, инфляция деңгейінің өсуіне ықпал етуі мүмкін. Яғни, бірінші кезекте Ресейден келетін тауарлар қымбаттайды. 

"Ресей – біздің ең негізгі сауда серіктесіміз. Сондықтан рубль күшейген сайын теріскейден тасымалданатын тауарлардың бағасы қымбаттайды. Тиісінше, елдегі инфляция деңгейі өседі деген сөз. Ал бұған жол бермеу үшін Ұлттық банк қандай да бір шара қолданады деп ойлаймын", –  деді сарапшы Ғалым Құсайынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу