Теңгенің рубльге қатысты бағамы 1998 жылдан бері алғаш рет төмендеді

840

Теңгенің рубльге қатысты бағамы 1998 жылдан бері алғаш рет төмендеді

Ұлттық валютаның Қазақстан қор биржасындағы рубльге қатысты бағамы әлсіреуде, деп хабарлайды LS.

Күндізгі сауда сессиясында 1 рубль 6 теңгеге жетті. Осылайша, Ресей валютасы 1998 жылдың қазанынан бері бірінші рет көтеріліп отыр. 

Теңгенің рубльге қатысты төмендеген бағамы Қазақстаннан шикізаттық емес экспорттың динамикасына әсер етеді деп Ұлттық банктің осы жылдың 30 наурызында жарияланған "Бағамды түзету жағдайындағы Қазақстан экспорты" атты зерттеуінде  көрсетілген.

Ресейлік импорттың үлесі артып тұрғанда теңгенің рубльге қатысты бағамын қолдан төмендету "импорттың инфляциясына" әкеп соғады.

Реттеуші бұл процеске қатысудан бірнеше рет бас тартқан болатын. Тамыз айының қорытындысы бойынша валюталық интервенция 70 млн доллар болды, бұл реттеушінің валюта нарығына қатысуын толық дәрежеде көрсетпей нетто-негізде жарияланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу