Теңгенің рубльге қатысты бағамы нығайды

Көрсеткіш 2%-ды құрады. 

Теңгенің рубльге қатысты бағамы нығайды Фото: inbusiness.kz

Төл валютамыздың рубльге қатысты  бағамы бүгінде 2%-ға дерлік немесе 5,53 теңгеге дейін нығаюын жалғастыруда. 

Бұл 2022 жылдың сәуірінен бері ең төменгі көрсеткіш. Сарапшылар мұны теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамының өсуімен және Ресей рублінің АҚШ долларына қатысты керісінше әлсіреуі аясында болып отыр деп топшылауда. 

Еске сала кетсек, соңғы аптада төл валютамыз АҚШ долларына қатысты 468 теңгеден 447 теңгеге дейін нығайды. Мамандар мұның мұнай бағасының өсуі аясында болғанын алға тартуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу