Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan акционерлері банктердің бірігуін мақұлдады

1020

Үш банк акционерлерінің жиналысы 31 мамыр күні болған.       

Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan акционерлері банктердің бірігуін мақұлдады

AsiaCredit Bank" АҚ және "Capital Bank Kazakhstan" АҚ-ның  "Tengri Bank" АҚ-ға қосылуы қаржы институттары акционерлерінің бірлескен жиналысында мақұлданды деп жазылған KASE-де жарияланған хабарламада, деп  жазады "Интерфакс-Қазақстан".    Үш банк акционерлерінің жиналысы 31 мамыр күні болған.       

"Үш қаржы институтын "AsiaCredit Bank" АҚ және "Capital Bank Kazakhstan" АҚ-ның  "Tengri Bank" АҚ-ға қосу түрінде қайта құру мақұлданды", – деп жазылған хабарламада

Қазіргі үш банк акционерлерінің акцияларын айырбастау коэффиценті мен қатысу үлесін бір банкке біріктіруді бекіту 2019 жылдың шілде айының басында халықаралық қаржы консультанттарының үш банктің таза активтер құнын бағалау нәтижесінің қорытындысы бойынша  жасалады деп жоспарланып отыр.           

Tengri Bank-тің ірі акционері үндістандық Punjab National Bank (41,64%).  "AsiaCredit Bank" АҚ-ның ірі акционері  - қазақстандық бизнесмен  Нұрбол Сұлтан (99,9%).  Capital Bank Kazakhstan –ның жалғыз акционері қазақстандық бизнесмен Ориджан Шадиев.

Ұлттық банк мәліметі бойынша, 2019 жылдың қаңтар-наурызының қорытындысы бойынша Tengri Bank активтер көлемі бойынша қазақстандық 28 банктің ішінде 20-орында,  AsiaCredit Bank - 22, Capital Bank Kazakhstan- 23-орында болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу