Tengri Bank-тің бұрынғы басшысы ұсталды

769

Экс-банкирдің ісі Қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес қаралады.  

Tengri Bank-тің бұрынғы басшысы ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігі "Tengri Bank" АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Шайкенов ұсталғанын растады, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.

"2021 жылдың жылдың 16 ақпанында Қаржы мониторингі агенттігі қызметкерлері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес "Tengri Bank" АҚ-ның бұрынғы төрағасы Е.Б. Шайкеновты ұстады. Тергеу мүдделеріне қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейді",  деп жазылған хабарламада.

Желіде тараған ақпараттарға сүйенсек, Ержан Шайкенов банк салымшыларының жалпы сомасы 5 млрд теңге ақшасын жымқыру фактісіне қатысы болуы мүмкін. 

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 18 қыркүйегінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Tengri Bank" АҚ-ны банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған.

Ал "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ банк салымшылары кепілді өтемақы алатынын хабарлаған. 2020 жылдың 10 қарашасында "Tengri Bank" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Бахтияр Ілиясов пен "Tengri Bank" АҚ Алматы филиалы директорының бұрынғы орынбасары Әсет Жадықов 8 млрд теңгеден аса қаржыны жымқыру ісі бойынша ұсталған еді. 


Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу