Тengri bank-тің бұрынғы менеджерлеріне іздеу жарияланды

916

Tengri Bank-тің бұрынғы менеджерлеріне халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Atameken Business.

Тengri bank-тің бұрынғы менеджерлеріне іздеу жарияланды Фото: Серікжан Қобыланбаев

Қаржы ұйымының әкімшілік-шаруашылық департаментіне жетекшілік еткен Алмас Бақытов пен банкке бағынышты компанияларының бірінің басшысы болған Тоғжан Рахметова ұсталған жағдайда бірден тұтқындалады.

Еске салсақ, былтыр Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Tengri Bank-ті лицензиясынан айырған болатын. Ал  салымшыларына осы уақытқа дейін 10,7 млрд теңге төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу