"TengriBank"-тің топ-менеджерлері екі ай қамауға алынды

619

Күдікті топқа 5,4 млрд теңге жымқырды деген айып тағылып отыр.

"TengriBank"-тің топ-менеджерлері екі ай қамауға алынды

Қаржы мониторингі комитетіне қарасты Экономикалық тергеу қызметінің ведомствоаралық жедел тергеу тобы "TengriBank"-тің топ-менеджерінің үстінен Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл тармақ өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену және аса ірі көлемде ысырап ету әрекеттерін қамтиды. Бір сөзбен айтқанда, "TengriBank" АҚ-ның топ-менеджерлері жымқырды деп отырған қаражаттың ортақ мөлшері 5,4 млрд теңге деп бағаланған.  

"9 қарашада Алматы қаласының тергеу сотының санкциясымен банктің басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Банка Ілиясов Бақтияр Әбдінұрұлы, банктің Алматыдағы  филиалының директорының орынбасары Жадықов Әсет Урисбайұлы, жалған құжаттар арқылы 3 млн доллар көлемінде қайтарымсыз несие алған компания басшысы Жылқыбаева Назгүл Маманшалқызы 2 айға дейін уақытша қамауға алынды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне орай өзге мәліметтер жаиялауға жатпайды", – деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу