Теңіз айлағының әлеуеті артып келеді

312

Маңғыстау облысындағы Ақтау және Құрық порты арқылы тасымалданатын тауар көлемі жыл сайын артып келеді.

Теңіз айлағының әлеуеті артып келеді  Фото: Ашық дереккөзден

Биыл Ақтау порты Транс Каспий халықаралық дәлізі арқылы 12 мыңға жуық контейнер тасымалдаған. Енді оны үш есеге дейін арттыру көзделген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ал Құрық портында жаңа астық терминалының құрылысы аяқталуға жақын. Бұл түрлі бидай сортын сақтауға және көп көлемде экспорттауға мүмкіндік береді.

Маңғыстаудағы порттарды дамыту үшін 2022 жылы арнайы жол картасы әзірленді. Өйткені, бүгінгі таңда су айдыны арқылы тауар тасымалдау арзан әрі уақыт үнемдейді. Мәселен, әлем нарығын жаулаған Қытайдың 96% тауары осы теңіз қатынасы арқылыжеткізіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу