Теңіз Арал қаласына 17 шақырым жақындады

1736

Теңіз Арал қаласына 17 шақырым жақындады

Мамыр айының соңында Арал мәселелеріне арналған халықаралық форум өтті. Оған ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты. Сонымен бірге теңіз маңайына жақын орналасқан Орталық Азия мемлекеттерінен арнайы өкілдер де келді. Тірлігі қайта жанданған Арал теңізінің бүгінгі жай-күйі жайлы ҚазАқпарат хабарлайды.          

Елбасының тікелей тапсырмасымен жүзеге асып, ғасыр жобасы атанған "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау" (САРАТС-1) жобасының бірінші кезеңінің жүзеге асырылуы нәтижесінде Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына, оның ішінде балық шаруашылығының дамуына үлкен мүмкіндіктер берді. Осы жоба шеңберінде Солтүстік Арал теңізіндегі Көкарал су тоспасы, Айтек су құрылысы кешені және Сырдария өзеніндегі қорғаныс бөгеттері салынды. Сөйтіп теңіздегі балық қоры молайып, тұрғылықты халықтың игілігіне айналды. Айналдырған аз ғана жыл ішінде теңіз Арал қаласына 17 шақырымға дейін жақындады. Бұған қоса, Сырдария өзенінен Солтүстік Арал теңізіне құйылатын судың көлемі көбейіп, өңірдегі көптеген биологиялық түрлер қалпына келе бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу