Теңіз арқылы жүк тасымалдау 3%-ға өсті

2029

Өткен жылмен салыстырғанда ішкі су көлігімен жүк 32%-ға аз тасымалданды.

Теңіз арқылы жүк тасымалдау 3%-ға өсті

2020 жылдың қаңтар және қыркүйек айлары аралығында су көлігімен тасымалданған жүк көлемі 1,4 млн тоннадан асты. Оның 748,8 мың тоннасы ішкі су көлігімен жөнелтілген, яғни 2019 жылдағыдан 32%-ға аз. Теңіз және жағалау көлігімен 684,6 мың тонна тасымалданды: көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,5%-ға артық.

Жалпы 2019 жылы теңіз көлігімен 0,8 млн тонна жүк тасымалданған болатын. Бұл 2018 жылғы көрсеткішке қарағанда 54,8%-ға кем. 

Теңіз және жағалау көлігі кәсіпорындарының жүктерді тасымалдаудан түсетін табысы 2020 жылдың  қаңтар және қыркүйек айлары аралығында 4,5 млрд теңгеге жетті, бұл – сектордағы табыс көлемінің 99,3%-ы. Ал ішкі су көлігі кәсіпорындарының табысы 341,4 млн теңгеге дейін түсіп кетті, өткен жылы бұдан 3,2%-ға көп болған еді.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу