Теңіз кен орнын кеңейту бойынша бюджет қайта қаралуда

912

Бұған дейін оның бюджеті 45,2 млрд долларға көбейтілген. 

Теңіз кен орнын кеңейту бойынша бюджет қайта қаралуда

"Теңізшевройл" акционерлері мұнай-кен орнын кеңейту бойынша жобаның бюджетін 45,2 млрд долларға көбейту туралы шешім қабылдаған. Алайда пандемияға байланыста бұл сома қайта қаралуда, деп мәлімдеді "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, қаржы директоры Дәурен Қарабаев. 

"Шығындарды 45,2 млрд долларға көбейту туралы шешім ақпан айында қабылданған. Бірақ коронавирус пандемиясы мен мұнай бағасының құлдырауына байланысты қазір бұл сома қайта қаралуда. Кейбір жұмыс қысқарады, кейбірі кейінге қалдырылады. "Теңізшевройл" бізге бұл көрсеткіштерді хабарлайды деп ойлаймын", – деді онлайн-брифинг барысында Дәурен Қарабаев. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу