Жаңа өлшеу қондырғылары қарашада іске қосылған. Үш қондырғы қосымша шикі мұнай өндірісін тәулігіне 13 мың тоннаға (100 мың баррель) дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Компанияның мәліметінше, жылма-жыл жүргізілетін күрделі жөндеу мерзімінен төрт күн бұрын аяқталды.
2021 жылы тамыздың соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Теңіз кен орнын "болашақ кеңейту жобасы" жұмыстары кестеден 20%-дай артта қалып отырғанын мәлімдеген.
Президент үкіметке жоба операторымен бірлесіп, "оның аяқталу мерзімінің бұзылуына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдауды" тапсырды.
Теңіз мұнай-газ кен орны – Қазақстандағы ең ірі кен орындарының бірі, мұнай қоры – 3,2 млрд тонна. Атырау облысы аумағында орналасқан.
Кен орнын игерумен "Теңізшевройл" компаниясы айналысады. Қазіргі уақытта компания өндіруді кеңейту жобасын және теңіздегі сағалық қысымды басқару жобасын іске асыруда, жалпы құны – $45,2 млрд. Жобаны аяқтаудың жоспарланған мерзімі – 2022 жылдың соңы.
"Теңізшевройл" ЖШС қатысушылары: Chevron (қатысу үлесі 50%), ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%), "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы арқылы Қазақстан (20%), сондай-ақ Ресей-Америкалық БК Lukarco (5%) болып табылады. Компания 1993 жылдан бастап жұмыс істейді.