Теңіз кен орнын кеңейту жұмыстары 2023 жылы аяқталады

1443

Жоба құны 45,2 млрд доллар.

Теңіз кен орнын кеңейту жұмыстары 2023 жылы аяқталады

Энергетика министрі  Нұрлан Ноғаев кеңейтілген алқа отырысында Теңіз кен орнын кеңейту жұмыстарына тоқталды. Жоба жоспар бойынша 2023 жылы аяқталатынын айтқан ол, оның құны мен өндірісті арттыру бойынша көрсеткіштерге тоқталды, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.  

"Теңіз кен орнында құны 45,2 млрд долларды құрайтын кеңейту жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны 2023 жылы аяқтау жоспарланған. Бұл өндірісті жылына 12 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ал қазақстандық қамту көлемі 36%", - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар министр кен орнын кеңейту бойынша жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу