Теңіз кен орнында 25 адам тамақтан уланды

878

Олардың барлығы Құлсары қаласындағы аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. 

Теңіз кен орнында 25 адам тамақтан уланды

Атырау облысы Теңіз кен орнында 25 адам тамақтан уланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Теңізшевройл" ЖШС мердігер компанияларының бірінің қызметкерлері Теңіз вахталық кентінде уланды. Кешкі астан кейін 25 адам өздерін жайсыз сезіне бастаған. Барлық белгілер бойынша олардың уланғаны анықталды. Олардың барлығы Құлсары қаласындағы аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін 21 адам амбулаторлық ем алуға жіберілді. Төрт адам ауруханада жатыр", –деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу