Атырау облысындағы Теңіз мұнай кен орнында блок-бекеттер орнатылып, аймақ толық бақылауға алынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Қазіргі кезде мұнда жұмыс істеген 12 мыңға жуық адам тұрақты тіркеу орындарына жеткізілді.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, кен орнында коронавирустық инфекция жұқтырғандардың саны 82 адамға жеткен. Олармен байланыста болған 1674 адам анықталып, оқшауланды.
"Карантин жағдайының талаптарына сәйкес Теңіз кен орнындағы вахталық елдімекендер арасындағы барлық байланыс тоқтатылды. Сонымен қатар қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Онда апаратын жолдарда 4 блок-бекет орнатылды", – деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде.
Еске сала кетсек, кен орнында коронавирустық инфекция жұқтырудың алғашқы жағдай 8 сәуірде анықталған.