"Теңіз" кен орнында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 463-ке жетті

730

Олардың ішінде төрт шетел азаматы бар.  

"Теңіз" кен орнында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 463-ке жетті

Атырау облысындағы "Теңіз" кен орнында коронавирустық инфекцияның 35 жаңа жағдайы тіркелді, жұқтырғандардың жалпы саны 463-ке жетті, деп хабарлады жексенбіде Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі аймақтық штаб.  

"17 мамыр күнгі таңертеңгі мәліметтерге сәйкес Жылыой ауданындағы "Теңіз" кен орнында түрлі мердігерлік компаниялардың қызметкерлері арасында COVID-19-тің тағы 35 жаңа оқиғасы тіркелді, науқастардың арасында үш Үндістан азаматы және бір филиппиндік болды", – деп жазылған хабарламада.

Штаб барлық науқас "Теңіз" кен орнынан демобилизация алдында тексерістен өткенін, қазір олар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, тиісті ем алып жатқанын айтты.

Штаб таратқан хабарламада барлық инфекция ошағы анықталып, локализацияланғаны, оларда дезинфекция жүргізілетіні де көрсетілген.  Аурулармен байланыс  болған адамдар анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынған.

"Теңіз" кен орнында коронавирустық инфекцияның алғашқы оқиғасы 8 сәуірде тіркелді.

Жалпы, "Теңізшевройлмен" (ТШО) бірге  "Теңіз" кен орнында  500-ге жуық мердігерлік және қосалқы мердігерлік компаниялар жұмыс істейді, бұл шамемен 30 мың адам деген сөз. Сәуір айының соңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы коронавирустың таралу қаупіне байланысты ауысымның 17 мыңға жуық қызметкері кен орнынан шығарылатынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу