Теңіз кен орнында індет жұқтырғандар саны 269 адамға жетті

749

Энергетика министрлігі мен Атырау облысының әкімдігі бірігіп арнайы жоспар әзірлеуде. 

Теңіз кен орнында індет жұқтырғандар саны 269 адамға жетті

Батыс Қазақстандағы Теңіз мұнай кен орнында коронавирустық инфекция жұқтырғандардың саны 269-ға жетті, деп мәлімдеді Айжан Есмағамбетова. 

"Бүгінде Теңіз кен орнында 269 жағдай тіркелді", – деді мемлекеттік бас санитарлық дәрігер. 

Айжан Есмағамбетованың айтуынша қазіргі кезде вахталық жұмысшылар арасында індеттің таралмауын қамтамасыз ету үшін Энергетика министрлігі мен Атырау облысының әкімдігі бірігіп арнайы жоспар әзірлеуде. 

Еске сала кетсек, Теңіз мұнай кен орнында коронавирустық инфекция жұқтырудың алғашқы жағдайы 8 сәуірде тіркелген. Вахталық режим бойынша жұмыс істейтін қалалар шекаралары жабылып, блок-бекеттер қойылып, жұмысшылар жаппай тексерістен өткізілген. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу