"7 желтоқсанда Covid-19 жұқтырғандардың 19 -ы Атырау қаласының тұрғындары, ал қалған 42 жағдай Теңіз кен орнындағы жұмысшылардан анықталды. Науқастармен қарым-қатынаста болған жұмысшылар оқшауланып, медициналық көмек көрсетілуде. 42 жағдай Теңіз кен орнындағы 2 компанияның арасында анықталды. Аталған аурудың 99%-ы профилактикалық мақсатта жүргізілген скринингтік тексерудің нәтижесінде белгілі болып жатыр. Қазіргі таңда аталған 2 компания карантинге жабылды", - деді Амантай Жұмағалиев.
Еске сала кетелік, бұған дейін Жылыой ауданы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 6 желтоқсан күні Теңіз, Прорва, Морской кешендерінде санитарлық талаптарды күшейту жөнінде арнайы қаулысы жарияланған болатын.