Теңіз кен орнында індет жұқтырғандар саны артып келеді. Бұл туралы Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
"Бүгінде Теңіз кен орнында індет жұқтырғандар саны 935 адамға жеткен. Ал Шымкенттегі "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС ұжымында 101 жағдай, мердігерлерде 23 жағдай және байланыста болған 69 адам індет жұқтырғаны анықталған. Қарағанды облысындағы "Қазақмыс корпорациясының" кен орындарының бірінде де 34 жағдай тіркелді", – деген бас санитарлық дәрігер Теңізге үкіметтік комиссия жіберілгенін айтты.
"Теңіз кен орнында науқастар санының көбеюіне байланысты Атырау облысына үкіметтік комиссия жіберілді. Қазіргі кезде онда індеттің таралуын тоқтату үшін арнайы жұмыс кестесі құрылды. Бұл кестені сақтамау науқастар санының артуына, оларды оқшаулауға, кәсіпорынды мәжбүрлі түрде жабуға алып келуі мүмкін", – деді Айжан Есмағамбетова.
Құралай Құдайберген
Фото: tengizchevroil.com