Теңіз кен орнында мұнай өндіру 4,7%-ға қысқарды

908

Газ өндіру көлемі 4,0%-ға азайған.

Теңіз кен орнында мұнай өндіру 4,7%-ға қысқарды Фото: Максим Морозов

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚМГ-ның мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 11 345 мың тонна (тәулігіне 467 мың баррель) мұнайды құрап, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 3,1%-ға төмендегенін көрсетті. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі 3,9%-ға 4 321 млн м3 дейін артқан, деп хабарлады "ҚМГ-ның" баспасөз қызметі.

Теңіз, Қашаған, Қарашығанақта мұнайды және табиғи ілеспе газды өндіру көлемі тиісінше, 4 088 мың тоннаны (тәулігіне 179 мың баррель) және 3 021 млн м3 құрады. Бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштерден 2,2% және 4,3%-ға жоғары болды.

Теңіз кен орнында мұнай өндіру 2019 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 4,7%-ға қысқарып, 2 852 мың тоннаны (тәулігіне 125 мың баррель) және газ өндіру көлемі 4,0%-ға азайып, 1 571 млн м3 құрады. Мұнай мен газ өндіру көлемінің азаюына жоспарлы өндіруді қысқарту айтарлықтай ықпал етті.

Қашаған кен орнындағы мұнай өндіру 42,5%-ға дейін 673 мың тоннаға (тәулігіне 29 мың баррель) дейін өсті. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі 46,0%-ға артып, 406 млн м3 құрады. Мұнай мен газды өндіру көлемі 2019 жылы күрделі жөндеу жұмыстарын сәтті жүргізу нәтижесінде артты. Бұл теңіз және жерүсті кешендерін пайдалану коэффициентін жоғарылатуға, айдау қорының 4 ұңғымадан 6 ұңғымаға дейін ұлғайтуға, мұнай технологиялық желілерінде қосымша ребойлерді орнатуға, сондай-ақ жаңа ұңғымаларды пайдалануға беруге септігін тигізді. Қашаған кен орнында 2020 жылғы бірінші жартыжылдықтағы орта тәулікті жалпы өндіру тәулігіне 354 мың баррельді құрады.

Қарашығанақ кен орнындағы мұнай өндіру 5,2%-ға өсіп, 562 мың тоннаны (тәулігіне 24 мың баррель) құрады. Газ өндіру 1 044 млн м3 құрап, 2019 жылдың біріннші жартжылдықтағы деңгейден 6,3%-ға жоғары болды. Осы кен орнындағы мұнай мен газ өндіру көлемінің өсімі 2019 жылдың қыркүйек-қазан айларында жүргізілген нысандарды жоспарлы алдын алу жөндеуден кейін Қарашығанақ өңдеу кешенінің (ҚӨК) өндірістік нысандарын және газды кешенді дайындау қондырғыларын (ГКДҚ-2 және ГКДҚ-3) жаңғыртумен байланысты болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу