Теңіз кен орнында электр энергиясын тарату жүйесінің қауіпсіз іске қосылғанын және шикі мұнайды бастапқы өндіру жұмыстары басталғанын растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Компанияның хабарлауынша, өндіріс бастапқы кезеңде қайта жанданды. ТШО мүмкіндікке қарай өндіріс көлемін кезең-кезеңімен арттыру үстінде.
ТШО қауіпсіз әрі сенімді өндірісті қамтамасыз ету қағидаттарына адал болып қала беретінін атап өтті. Бұдан өзге ТШО өз өндірістік қызметінің егжей-тегжейлеріне түсініктеме бермейтінін жеткізді.
Айта кетейік, компания 22 қаңтарда кен орнындағы апатқа байланысты мұнай жеткізу бойынша форс-мажор жариялады.
Оған дейін "Теңізшевройл" кен орындарындағы мұнай өндіру 18 қаңтарда электр станциясындағы апаттан кейін тоқтатылған еді.
Бүгін Үкіметте ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов ExxonMobil компаниясының аға вице-президенті Питер Ларденмен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізіп, кеніштегі жағдайды талқылады.