Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды

194

Энергетика министрлігі Теңіз кен орнында өндірістік операциялардың қайта басталғанын хабарлайды.

Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды Фото: psa.kz

Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, бүгін сағат 03:35-те алғашқы ұңғыма сәтті іске қосылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Технологиялық қондырғылар іске қосылып, штаттық режимде жұмыс істеуде.

Қазіргі уақытта 5 ұңғыма пайдалануға берілді. "Теңізшевройл" компаниясының техникалық қызметтері келесі топтық өлшеу қондырғысын іске қосуға дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Мұнай өндіру көлемін арттыру жүйе параметрлері тұрақтандырылып, өндірістік процестердің толық қауіпсіздігі қамтамасыз етілуіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Бұған дейін, 26 қаңтарда, Екінші буын зауыты сәтті іске қосылған болатын. Оның жұмысы қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған Королев кен орнынан жеткізілетін шикізатпен қамтамасыз етілуде.

Энергетика министрлігі мен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жобаның жоспарлы қуаттылыққа қысқа мерзімде шығуын қамтамасыз ету мақсатында операторға жан-жақты қолдау көрсетуде.

Қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіру үшін өндірістік нысандарда тікелей Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев жұмыс жүргізуде. Жағдай тұрақты бақылауда, басты басымдық – өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қатаң талаптарын сақтау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу