Теңіз кен орнында тағы 90 жұмысшы коронавирус жұқтырды

829

Қазіргі таңда науқас саны 359-ға жетті. 

Теңіз кен орнында тағы 90 жұмысшы коронавирус жұқтырды

Теңіз кен орнында тағы 90 жұмысшы коронавирус жұқтырды. Оның жетеуі – әйел, қалғаны – ер-азаматтар, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазіргі таңда науқас саны 359-ға жетті. Індетке шалдыққандармен байланыста болғандар медициналық бақылауға алынған. Жалпы ауру тараған 17 ошақ анықталып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Жедел штаб өкілдері кен орнынан 16 мың 200 азаматты көшірген. Қалған 800 адамды алдағы уақытта шығару жоспарланып отыр. Сондай-ақ теңіз кенішінде 80 орынға арналған стационар құрылды. Онда ауру белгілері байқалмаған 35 азаматтан Covid19 анықталған.

Естеріңізге сала кетейік, кен орнында бірінші науқас 8-ші сәуірде тіркелді. Бүгінде 64 жұмысшы індеттен жазылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу