Теңіз кен орнында жұмысшы көз жұмды

1375

Кран операторы болып жұмыс істеген оның үстіне аталмыш техниканың жүк көтеретін бөлігі құлап түскен.

Теңіз кен орнында жұмысшы көз жұмды

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Қайғылы оқиға жөнінде ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Атырау облыстық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында жұмысшының қаза болғанын растап, барлық мән-жай анықталғаннан кейін толық ақпарат беруге уәде етті.

Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, 25 жастағы жігіт Теңіз кен орнына Түркістаннан келген. Кран операторы болып жұмыс істеген оның үстіне аталмыш техниканың жүк көтеретін бөлігі құлап түскен.

Айта кетейік, Теңіз кен орнын игерумен "Теңізшевройл" ЖШС айналысады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу