Теңіз кен орнындағы жаңа зауыттың құны белгілі болды

1034

Теңіз кен орнындағы жаңа зауыттың құны белгілі болды

Атырау облысындағы "Тенгизшевройл" ЖШС шикізат өндірумен айналысатын Теңіз кен орнындағы жаңа зауыттың бағасы 36,8 млрд долларды құрайды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА. 

"Үшінші буын зауытының құрылысы сағалық қысым және ТШО-ның болашақтағы дамуы басқармасының жобасы аясында жүзеге асуда. Серіктестер жобаны қаржыландыру туралы соңғы шешімді қабылдады. Оның құны 36,8 млрд долларға бағалануда. Бұл соманың ішіне күтпеген шығындар мен бағаның біртіндеп көтерілуі кіреді. Нысанның іске қосылуы және алғашқы мұнай өндіру 2022 жылға жоспарланды. Бұл жобаны ТШО-ның өзі қаржыландырып, сыртқы қарыз қаражатын жұмылдырады. Қазақстан Үкіметі жобаны қаржыландыруға қатыспайды", – деп хабарлады ҚР энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, зауыт іске қосылғаннан кейін Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру 12 млн. тоннаға артып, оның көлемі жылына 39 млн тоннаға дейін жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу