Теңіз кен орнындағы жарылысқа қатысты тергеу басталды

574

Кеше Атырау облысындағы Теңіз кен орнында көлік цистернасы жарылып, бір жұмысшы мерт болды.  

Теңіз кен орнындағы жарылысқа қатысты тергеу басталды Фото: azh.kz

Жарақат алған тағы бір жұмысшы ауруханада жатыр. Қазір жарылысқа байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Атырау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодекстің 156-бабымен іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Оқиға кеше, 8 ақпанда сағат 13:50 шамасында Теңіз кен орнының өндірістік аумағынан тыс жерде болған. "West Dala" компаниясына тиесілі вакуум цистернасы жарылған. Соның салдарынан 30 жастағы жұмысшы оқиға орнында мерт болды. Ал, 29 жастағы жұмысшы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

"Теңіз кен орнында бір жұмысшының мерт болып, екінші адамның жарақат алуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабымен (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) жүріп жатыр", - деп мәлім етті полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу