Теңіз кенішінде 71 жұмысшы коронавирус жұқтырды

1151

Олармен байланыста болған​ 1,5 мыңнан астам жұмысшы анықталды.

Теңіз кенішінде 71 жұмысшы коронавирус жұқтырды

Теңіз кенішінде коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болған​ 1,5 мыңнан астам жұмысшы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб мәліметінше, олар – науқаспен жақын қарым-қатынаста болған және байланыс жасағандар.

Еске сала кетелік, 16 сәуірден бастап Теңіз кенішінен шұғыл емес персоналды шығару басталған болатын. Тұтастай алғанда 17 мыңнан астам жұмысшыны шығару жоспарланып отыр.​ ​

"Оның ішінде 6 мыңнан астам жұмысшы – Атырау облысының,​ 2 мыңнан астамы – Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының,​ 600-ден астамы – Маңғыстау облысының тұрғындары. Қалған қызметкерлер – Қазақстанның өзге өңірлерінен келген мамандар" деп нақтылады шұғыл штаб.​

Қазіргі уақытта 10 мыңнан астам жұмысшы шығарылды. Оның ішінде​ 4 мыңға жуық​ жұмысшы – әуе жолымен,​ 3 мыңға жуық жұмысшы – темір жол қатынасымен,​ 3 мыңнан астам жұмысшы – автобус көлігімен тасымалданды. Қалған жұмысшыларды шығару процесі​ 5 мамырда аяқталады​ деп күтілуде.

Бүгінгі таңда Теңіз кенішіндегі жұмысшылар арасында қауіпті дертке шалдыққандар саны 71 адамға жетті. 12 жұмысшы жазылып шықты.​

Теңіз кенішінде коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болған​ 1,5 мыңнан астам жұмысшы анықталды. Оның ішінде 847 адам – жақын қатынаста,​ 718 адам – байланыста болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу