Теңіз кенішінде карантиндік режим енгізілді

949

Карантин 14 күнге жалғасады.

Теңіз кенішінде карантиндік режим енгізілді

Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтың қаулысымен Теңіз кенішінде 14 күндік карантин енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған Теңіз кенішінде қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық ахуал, сондай-ақ, жұмылдырылған және демобилизацияланған жұмысшылар арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының тіркелуі себеп болы отыр.

Қаулы мәтінінде "Қайта оралып жатқан жұмысшыларды COVID-19 инфекциясына ПТР сынама алу арқылы, 14 күндік карантинге оқшауласын. Вахталық поселкеге кірер-шығар алдында медициналық тексеруді, соның ішінде термометрияны ұйымдастырсын. Жұмыс уақытынан тыс мезгілде жұмысшылардың бірлесіп тамақтануына, өзара араласуына шектеу енгізсін" деп жазылған;

Жұмысшылардың тұрып жатқан жерінен жұмыс орнына санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, көлікпен барып-келуін қамтамасыз етсін (жолаушылар арасындағы ара қашықтық бір метрден кем емес, жолаушылар автобус ішінде маскада болуға тиіс.

Сондай-ақ, дезинфекциялық құралдармен бөлмелерді, соның ішінде есік тұтқалары, сөндіргіштер, тұтқалар мен таяныштарды, жанасатын беттерді (қызметкерлердің үстелі мен орындықтары, оргтехника), жалпылама қолданыс орындарын (тамақтану мен тынығу бөлмелері, санитарлық тораптарды, спортпен шұғылданатын бөмелер мен құралдарды) міндетті жинастырып тазатылып тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу