"Теңіз" кенішіндегі карантин ұзартылды

1253

Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген.  

"Теңіз" кенішіндегі карантин ұзартылды

Ал "Теңіз" кен орнындағы карантин мерзімі 12 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Осыған байланысты мұнда көліктің кіріп-шығуын шектеу шаралары әлі де сақталады. Кен орны аумағында персоналдардың сағат 21:00-ден ертеңгілік 5-ке дейінгі аралықта ғана жүруіне рұқсат берілген. Полиция қызметкерлері карантин ережесін назарда ұстау үшін видеокамера арқылы қабатаралық және бөлмеаралық қозғалысты бақылайды. Осылайша, Теңіздегі карантин тағы екі аптаға созылды. Бүгінде Атырау облысындағы коронавирусқа шалдыққандардың саны 980-ге жетті. Оның 88 проценті Теңізде тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу