Теңіз-Новороссийск жүйесіне мұнай ең аз қуаттылықпен қабылдануда

1324

Бірінші айлақ жұмыс істеп тұр. 

Теңіз-Новороссийск жүйесіне мұнай ең аз қуаттылықпен қабылдануда

Бұл туралы Каспий құбыр консорциумы хабарлады, деп жазды inbusiness.kz. 

"2022 жылдың 28 наурызындағы жағдай бойынша Теңіз-Новороссийск жүйесіне мұнай ең аз қуаттылықпен қабылдануда. 1-қашықтан байлау құрылғысы сараптамадан өтіп, пайдалануға жарамды деп танылды. Танкер осы құрылғы арқылы тиелуде", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ консорциум 3-ҚБЖ жүйесі жөндеу жұмыстарына дайындалу үшін тазартылғанын хабарлады.

Еске сала кетсек, бұған дейін консорциум қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты қашықтан байлау қондырғыларының анықталған және ықтимал зақымдалуына байланысты терминалға мұнай құюды тоқтатты.

Каспий құбыр консорциумы – 20 жылдан астам уақыт бұрын ұзындығы 1,5 мың шақырымнан асатын магистральдық құбырды салу және пайдалану үшін Ресей, Қазақстан және әлемдік жетекші өндіруші компаниялардың қатысуымен құрылған ірі халықаралық мұнай тасымалдау жобасы.  

Жүйе шикізатты негізінен Батыс Қазақстанның ірі кен орындарынан, сондай-ақ ресейлік өндірушілерден алады, содан кейін ол Новороссийск маңындағы портқа жібереді. 

Құбырдың өткізу қабілеті жылына 67 млн тонна мұнайды құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу