Теңіз порттары арқылы жөнелтілетін жүкті сақтайтын парк салынады

1274

Теңіз порттары арқылы жөнелтілетін жүкті сақтайтын парк салынады

Араб инвесторлары Маңғыстау облысындағы бизнестің дамуына қомақты қаржы құюға әзір. Алғашқы салымның көлемі – 50 миллион доллар, деп хабарлайды 24.kz. 

Маңғыстаулық делегацияның Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған сапары зор табыспен аяқталды. Әмірліктің кәсіпкерлері елімізде құрылыс, көлік логистикасы, туризм мен бизнес саласында ауқымды жобаларды жүзеге асыратын болды.

Алты құрлықта 60 терминалы бар әлемдегі ең ірі порт операторларының бірі – "DP World" компаниясы "Ақтау арнайы экономикалық аймағын" дамытуға 50 миллион доллар қаржы жұмсайтын болды. Нақтырақ айтсақ, 60 гектар аумағы бар логистикалық және индустриялық парк салып бермек. Аталған өндірістік аймақ еліміздегі жүк тасымалын арттыру үшін аса қажет. Мұнда Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жөнелтілетін жүктер сақталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу