Теңіз және Қашаған кен орындарының қуатын арттыру жоспарланып отыр

1023

Министр еліміздің мұнай өндіру жоспарын жариялады.

Теңіз және Қашаған кен орындарының қуатын арттыру жоспарланып отыр

Нұрлан Ноғаев энергетика министрлігінің қызметі келесі стратегиялық бағыттарға жүктеледі: мұнай және газ саласын дамыту, электр энергиясы, атом энергетикасы, жаңартылған энергия көздерін пайдалану екенін атап өтті. Энергетика министрінің айтуынша, бүгінгі күні пандемияға байланысты еліміздің энергетика саласын дамытуға өзгерістер енгізілді.

"2019 жылы мұнай өндірісі 90.5 млн тоннаны құрады. Биылғы жоспарымыз 90 млн тонна болатын. Алайда мұнай бағасының құбылмалдығы және пандемия кезінде әлемдік экономиканың тұрақсыз дамуы жағдайында биыл мұнай өндіру жоспарын 86 млн тонна, яғни 4.5%-ға төмендеттік. Қазақстан ОРЕК+ келісіміне қосылды. Бұл бізге резервуарлардың толып қалуын болдырмауға және кейбір кен орнының тоқтап қалмауына септігін тигізеді. Еліміз мұнай өндіруді мамыр-маусым айларында тәулігіне 390 мың баррельге қысқартады. Біз тәулігіне 1 млн 319 мың баррель мұнай өндіруге тиіспіз", – деді энергетика министр.

Нұрлан Ноғаевтің сөзінше, биыл энергия ресурсының экспорты төмендейді. Дегенмен, Теңіз және Қашаған кен орындарының қуатын арттыру жоспарлануда.

"Өткен жылы мұнай және конденсат экспортының көлемі 72.2 млн тоннаны құрады, ал биылғы болжам 67.5 млн тонна болады. Атырау облысындағы кен орнында құны 45.2 млрд доллар, соның ішінде қазақстандық үлесі 16 млрд (36%) құрайтын Теңізді келешекте кеңейту жобасы жүзеге асуда. Жоба аяқталған соң, қосымша 12 млн тонна мұнай өндіруге болады. Қашаған кен орнында 2022 жылға қарай тәулігіне 450 мың баррелге дейін мұнай өндіруге қол жеткізу мақсатында жаңа газ өңдеу зауытын салу жобаланып, компрессорларды жаңғырту жөніндегі жұмыстарды іске асыру жалғасуда", – айтып өтті министр.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу