2024 жылдың қаңтар-қазан айларында республикада көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 883,4 млн тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9% артық, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ең үлкен өсімді теңіз және жағалау көлігі көрсетті, онда тасымалдау екі есе өсті. 10 айдың ішінде теңіз көлігімен жүк тасымалдау көлемі 2,3 млн тоннаны құрады.
Абсолютті мәнде жүктердің ең көп көлемі темір жол көлігімен тасымалданды – 352,4 млн/Т, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2% артық.
Автомобильмен жүк тасымалдау көлемі 283,6 млн/Т (өсім 19,8%) құрады, әуе арқылы тасымалданған жүк көлемі 22,4 мың/Т, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,1% артық. Ал ішкі су көлігімен жүк тасымалы 48,3% төмендеді.