Теңізде 148 қызметкер коронавирус жұқтырған

942

Сырқаттың басым көпшілігі симптомсыз формада өтуде.

Теңізде 148 қызметкер коронавирус жұқтырған Фото: azh.kz

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен  қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Теңіз мұнай кен орнында індет жұқтырған жұмысшылар жайлы айтты.

"Вахталық тәсілмен жұмыс істеу, жұмысшылардың бір жерде көп шоғырлануы инфекцияның тез таралуына әсер етеді. COVID-19 өте тез жұғатынын білесіздер. Теңізде 148 қызметкер коронавирус жұқтырды. Сырқаттың басым көпшілігі симптомсыз формада өтуде. Алғашқы науқас белгілі болғаннан кейін жаппай скринингтік тестілеу жүргізілді. Қазір Теңізшевройл мен облыс әкімдігі карантинді күшейту жоспарын әзірлеп, індеттің таралуын тоқтату шараларын қолға алды. Коронавирус жұқтырған азаматтар инцекциялық ауруханаларға жатқызылды", – деді Тимур Сұлтанғазиев.

Айта кетсек, комитет төрағасы коронавирустік инфекция күз-қыс кезінде мауысымдық тұмау ауруы тараған кезде қайталануы мүмкін екенін жоққа шығармады. 

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу