Теңізде тағы 54 адамнан COVID-19 анықталды

795

Олардың барлығы COVID-19 жұқтырғандармен байланысты болғандар.  

Теңізде тағы 54 адамнан COVID-19 анықталды

Ведомствоаралық комиссияның мәліметіне сүйенсек, індет жұқтырған 69 адамның 54-і Теңіз кен орнында вахталық жұмыс істейтін қызметкерлер. Жаңа жағдайлар мамандар үйлеріне аттанбас бұрын жасалған скрининг барысында анықталған. Айта кететіні 54 адамның барлығы бұрын індет жұқтырғандармен байланыста болғандар. 

Өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, Теңіз кен орнында инфекция жұқтырғандар саны 949 адамға жетті. Оның 236-сы сауығып, ауруханадан шығарылды. 

Ал мұнайлы өлкеде анықталған жаңа 15 жағдайдың – 11-і Атырау тұрғындары, үшеуі Жылыой ауданының тұрғыны, біреуі Мақат ауданының тұрғыны. Олар да COVID-19 жұқтырғандармен байланысты болған тұлғалар. 

Жалпы өңірде 1 маусым сағат 12:30-дағы жағдай бойынша Атырау облысында 1105 коронавирустық инфекция жұқтыру жағдайы тіркелді. Оның 314 сауығып, ауруханадан шығарылды. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу