Теңізде түйіршіктелген күкірт өндірілмек

1083

Жаңа зауыт іске қосылды.  

Теңізде түйіршіктелген күкірт өндірілмек

"Теңізшевройл" ЖШС (ТШО) түйіршіктелген күкірт өндіру зауытын іске қосты. Бұл өз кезегінде экологиялық қауіпсіздікті жақсартып, өндірістік тәуекелдерді азайтпақ, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Айына 40,000 тонна күкірт өндіру қуаты бар түйіршіктелген күкірт өндіретін жаңа зауыт басқа құрылғылар істен шыққан кезде күкірт өндірудің қажетті деңгейін сақтауға жағдай туғызады. "ТШО-ның күкіртті басқару жоспары аясында жергілікті компанияның мүмкіндіктерін дамыту мақсатында командамыз күкіртті өңдеу қуатын кеңейтетін жобаны жүзеге асырды", - деді "Теңізшевройл" ЖШС бас директоры Кевин Лайон.

Жаңа зауыт жергілікті тұрғындарға алпыстан аса жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Пандемияның қиыншылықтарына қарамастан ТШО мен "Caspian Group Construction" ЖШС бірігіп екі жылға жетпейтін уақыт арасында жабдықтарды орнату және іске қосу жұмыстарын сәтті аяқтап отыр.

"Зауыт портативті және оңай жиналатын GXM3 қондырғысымен жабдықталған. Өндіруші әлемдегі ең жақсы технологиялар мен ресурстарды қолданып, оларды Қазақстанға жеткізді", - деді Ғалиаскар Итишев, түйіршіктелген күкірт зауытының менеджері.

Компания түйіршіктелген күкіртті Қазақстан нарығынан бөлек, Африка, Еуропа, Қытай және басқа да нарықтарына экспорттайды.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу