Теңізде вахта ауыстыру уақытша тоқтатылды

1015

Скрининг кен орнынан 60 науқасты анықтады.  

 Теңізде вахта ауыстыру уақытша тоқтатылды

Атырау облысы Теңізкен орнында қайта мобилизациялау, вахта ауыстыру және келушілер сапары уақытша тоқтатылды. Бұл кеніште "COVID-19" таралуының алдын алу мақсатында жасалып отыр, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Облыс короновирус жағдайы бойынша "қызыл аймақта" тұр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Атырау қаласында қазіргі күні  "Covid-19" жұқтырудың 258 жағдайы расталып отыр. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 60 науқас анықталған. Сол сияқты аудандардан да Теңіз кен орны орналасқан Жылыой ауданы 34 науқаспен алға шығып тұр. Оның үстіне, салыстырмалы түрде таралуы жылдам саналатын аурудың "ДЕЛЬТА" түрі де алаңдатуда.

Осыған орай, "Теңізшевройл" ЖШС 9 тамыздан бастап жағдай тұрақтанғанға дейін Теңізге қайта мобилизациялау, вахтаның ауысуы мен келушілер сапарын уақытша тоқтатпақ. Бірақ, бұл шектеулердің өндіріс орнында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан қызметкерлерге қатысы жоқ.

"Қазіргі уақытта Теңізге келер алдында оқшаулануда болған және өзінің мекен жайынан жолға шыққан жұмысшыларға Теңізге келуге рұқсат етіледі. Өндірістік қызметтер үздіксіз жалғасады", - деп хабарлайды компаниядан. Белгілі болғандай, Теңіз кен орнында жасайтын 45 мыңнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алған.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу