Теңіздегі болашақ кеңейту жобасын аяқтау мерзімі ауысты

424

Еліміздегі мұнай өндірісі көлемінің болжамына әсер еткен факторлар аталды. 

Теңіздегі болашақ кеңейту жобасын аяқтау мерзімі ауысты Фото: Inbusiness.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев 2023-2024 жылдарға арналған мұнай өндірісінің болжамына тоқталды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Өндіру көлемі болжамының төмендеуінің негізгі факторына Теңіз кен орнындағы болашақ кеңейту жобасының аяқталу мерзімін шегеру жатады. Жалпы алғанда, онда бастапқыда жыл соңына шамамен 32 млн тонна өндіру жоспарланған болатын. Енді біз бұл болжамды 27 млн тоннаға дейін төмендеттік. Сәйкесінше осыған байланысты мұнай өндіру көлемінің кестесін реттедік. Жыл қорытындысы бойынша шамамен 90 млн тонна туралы айтып отырмыз", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Министр жақын арада келер жылға арналған мұнайдың нақтыланған болжамын беретіндерін жеткізді.

Тілшілер Алмасадам Сатқалиевтен ТШО болашақ кеңейту жобасын қашан аяқтайтынын, өндірісті 12 млн тоннаға арттыратынын сұрады.

"Мұнда жобаның қауіпсіздігін, экологиялық тазалығын қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты 6 айға шегеру туралы айтып отырмыз.  Бұл энергетика министрлігімен келісілді. Осыған дейін бұл құрылыс жобасында жұмыс істейтін шамамен 2,5-3 мың жұмысшыны босату жоспарланғаны айтылған болатын. Енді бұл жұмыс орындары жоба аяқталғанға дейін сақталады деген болжам бар", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу