Теңіз кен орнындағы мұнай өндірісінің көлемі екінші буын зауытында (ЗВП) жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты өндіріс жұмыстарының аракідік тоқтауына байланысты 28-30%-ға төмендеді.
Бұған себеп – тексеру барысында 400 қондырғысының Е-401А кәдеге жарату қазандығында тот басу сипатындағы зақымның анықталуы.
Жөндеу жұмыстарын 2024 жылдың 23 қарашасына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жөндеу шаралары аяқталғаннан кейін өндіріс толық көлемде жұмыс істей бастайды, деп сендіреді құзырлы ведомство.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу