"Теңіздегі" төбелестен жарақат алғандар бар

17606

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, аумақ қоршауға алынған.         

"Теңіздегі" төбелестен жарақат алғандар бар

Атырау облысындағы "Теңіз" кен орнындағы ССЕР компаниясы жұмысшылары арасындағы қақтығыс салдарынан жарақат алғандар бар, деп хабарлайды "Теңізшевройл" (ТШО) компаниясының баспасөз қызметі.          

"29 маусым күні зауыттың құрылыс алаңында жұмыскерлер арасында қақтығыс болып, соның салдарынан ССЕР мердігерлік ұйымының бірнеше жұмыскері жарақат алды", ­- деп жазылған ТШО хабарламасында.          

ТШО мәліметінше, оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, аумақ қоршауға алынған.           
"ТШО жағдайды тұрақтандыру мен жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс жасауда", -деп жазылған хабараламада.          

Бұған дейін оқиға орнына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ұшып кеткені айтылған болатын.

Еске салар болсақ, бүгін, 29 маусым күні әлеуметтік желі арқылы Атырау қаласындағы "Теңіз" кен орнында төбелес болып жатқаны туралы видео тараған еді.         

 

CCEP - Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore,   ТШО-ның мердігер компаниясы. 
"Теңізшевройл" Атырау облысындағы Теңіз және Королев кен орындарын игереді. Қазіргі кезде кәсіпорын құрамында: Шеврон, ЭксонМобил, ҚазМұнайГаз, ЛукАрко компаниялары бар. Компания 1993 жылдан бастап жұмыс істейді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу