"Теңіздегі" жағдай тұрақты және ішкі істер органдарының бақылауында-ІІМ

2365

Оқиға орнында полиция қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. 

"Теңіздегі" жағдай тұрақты және ішкі істер органдарының бақылауында-ІІМ

Бұл туралы Қазақстанның ішкі істер министрлігі хабарлады.

"Атырау облысының полиция департаменті "Теңіз" вахталық ауылындағы бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ішкі істер органдарының қызметкерлері оқиғаға қатысушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізді. Қазіргі уақытта қақтығыс аяқталды. Ішкі істер министрлігі жалған ақпарат таратудан аулақ болуға шақырады", - делінген ІІМ хабарламасында.

"Оқиға орнында полиция қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Жағдай тұрақты және ішкі істер органдарының бақылауында", - деп сендірді ведомство.   

Еске салсақ, оқиға 29 маусымда сағат 11:00-де "Теңіз" вахталық ауылында болды, "Сohsolited Contracting Endihering and Prourement s.a. L Offshore (ССЕР)" компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тың жақында жариялаған суретіне қатысты наразылықтарын білдірген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу